- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияның Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғыл ашылды
Түркияның Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғыл ашылды
Жерорта теңізінің төңірегінде орналасқан түрік Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті.
Адана өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияның халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриялдық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әр түрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларының құрамына енген болатын. Қаланың орналасқан жері Чукурова алқабы маңызды ауыл шаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестері, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Провинцияның жылдық табысы 30 млрд. долл. шамасында.
Қала ірі даңғылдарының біріне Н.Ә. Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адананың облыстық мәслихатының Қазақстанның Президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды.
Даңғыл қаланың орталығында аймақ деңгейінде тарихи құндылығы бар Адананың ең көне колледжі тұрған жерінде орналасқан.
Ашылу салтанаты барысында Адананың губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстанның серпінді дамуын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады. М. Бүюк пен Х. Сөзлю Қазақстан Елбасының қазақ-түрік қарым-қатынасы мен түркі интеграция төңірегіндегі зор үлесін атап өтті. Адана қаласының орталық даңғылдарының біріне «әлемдік деңгейде беделді түркі әлемінің ақсақалы» Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атын беру мәселесі қала үшін аса құрмет болып табылатынына баса назар аударылды.
«Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев халықаралық деңгейлі атақты тұлға болып табылады, ал елінің болашақ дамуы жөніндегі стратегияларын Түркияның негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің іспеттес көзқарастарымен салыстыруға келеді. Қазақстанның Н.Ә. Назарбаевтың қоластындағы әлемнің көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екендігін айтып кеткім келеді», - деп, Губернатор М.Бүюк мәлім етті.
Өз кезегінде, Елші Жансейіт Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына және Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар