• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық парламент өкілдері қытай халық республикасында іс – сапармен жүр

Қазақстандық парламент өкілдері қытай халық республикасында іс – сапармен жүр

15 Қазан, 2013 13:32
Қазақстандық Парламенттік делегация Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен Қытай Халық Республикасында іс- сапармен жүр.

Мәжілісмендер қытайлық әріптестерімен кездесіп, парламентаралық  қарым-қатынасты  дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Мәжілісте  20 депутаттан құралған Халық  өкілдері Бүкілқытайлық  жиналысымен әріптестік жөнінде топ жұмыс істейді.

Қазақстандық тарап екі ел парламенттерінің   алдағы өзара іс- қимылын ынталандыру мақсатында   бірқатар ұсыныстар дайындады.

Ол үшін Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Халық өкілдері Бүкілқытайылық жиналысы арасындағы әріптестік туралы Меморандум құқықтық негіз қаламақ. Ол құжатқа  кездесулер қорытындысы бойынша Мәжіліс Спикері мен Қытай Парламенті Төрағасы қол қояды деп  жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар