- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіхалықова: Патриотизм мен халықтың бірлігі - бес институционалдық реформаны іске асырудың маңызды факторы
Г.Әбдіхалықова: Патриотизм мен халықтың бірлігі - бес институционалдық реформаны іске асырудың маңызды факторы
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы қазақстандық патриотизм мен халықтың бірлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформаны кезең-кезеңімен іске асырудың және «100 нақты қадамды» өмірге табысты енгізудің маңызды факторы екенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова қазақстандық патриотизм ең әуелі Отанға деген сүйіспеншіліктен және оның мемлекеттік рәміздеріне деген құрметпен тәрбиеленетінін атап көрсетті.
Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ, Астана қаласы және Атырау облысы әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Аталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың осы маңызды идеологиялық саладағы жұмысына жан-жақты әрі терең талдау жасалды.
Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының назарына мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, ішкі бақылауды ұдайы қамтамасыз ету, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласына бақылауды күшейту мәселелеріне тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады