- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 2050 жылы бүкіләлемдік жылыну үдерісінің салдарынан барлық мұздықтар ериді – В.Божко
Алматы облысында 2050 жылы бүкіләлемдік жылыну үдерісінің салдарынан барлық мұздықтар ериді – В.Божко
«Мен сіздерге аса қуанта қоймайтын тағы бір жаңалық туралы айтқым келіп тұр, «McKenzie» консультациялық компаниясы 2050 жылға дейін Алматы облысындағы барлық мұздықтардың еритіндігі туралы айтып отыр. Бұл тағы да сол жылыну үдерісімен байланысты»,-деді В.Божко.
Оның сөзінше, Алматы облысындағы мұздықтарда қазірдің өзінде жойылу үдерісі жүріп жатыр. «Бұл үдеріс 0,5 пайыз аймақтың 1 пайызына келетін жылдамдықпен жүріп жатыр. Енді қанша уақыттан кейін мұздықтардың барлығының еріп бітетіндігін болжамдай беріңіздер»,-деді министрдің орынбасары.
Ол сөзінде бұл мәселемен бүкіл әлем болып, бірлесе отырып күресу қажеттігін айтты. «Жылыну дегеніңіз үлкен проблема. Мен БҰҰ-ның қолдауымен Жапонияда өткен климаттың өзгеруіне арналған Бүкіләлемдік конгреске бардым. Мұхит жағалауы елдерінің көпшілігі, егер Антарктида мен Солтүстік мұзды мұхиттағы қар еріген жағдайда, жағалаудағы елдер өздерінің мемлекет ретінде жер бетінен жойылып кету мүмкіндігін айтуда. Олар суға батып кетеді. Өйткені олар теңіз деңгейінен ең көп дегенде бір метр биіктікте тұр. Сондықтан, біз бүкіл әлем болып тиісті шаралар қолданбайтын болсақ, жылыну бізде де болуы мүмкін»,-деп қорытты В.Божко.
Индира Кауметова
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев