- Басты
- Жаңалықтар
- А. Есімов: Алматыда шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны 460 мың адамды құрады
А. Есімов: Алматыда шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны 460 мың адамды құрады
Қала басшысы Алматыда ШОБ-тің оң даму динамикасын және мегаполистің Қазақстанның ең белсенді бизнес өңірі екендігін атап өтті. Мысалы, ағымдағы жылдың 1 мамырында Алматыда кәсіпкерлердің белсенді субъектілері 175 958 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға көп. Қалада шағын және орта бизнеспен 460 050 адам айналысады. Дәл осы сегмент 3,3 трлн. теңгенің өнімін шығарған. Яғни, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өндіруде шағын және орта бизнестің үлесі соңғы төрт жылда рекордтық нүктеге жетіп, 30% (2011 ж. - 25,8%, 2012 ж. - 25,4%, 2013. - 22,3%) құраған.
«Алматыда экономиканың барлық секторы алға жылжуда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 7,1%. Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша шикізатсыз өңір болғандығына қарамастан Алматы жалпы еліміз бойынша салықтың 33%-ын жинады», - деді Ахметжан Есімов.
Бұл ретте әкім салықтың рекордтық мөлшерде түсуі өндірістің артуынан ғана емес, сонымен қатар салықтық әкімгерліктің жақсаруы мен экономиканың көлеңкеден шығуы арқасында жүзе асқанына назар аударды.
Іскерлік кеңес жұмысының барысында Ахметжан Есімов Алматының бақылау - қадағалау органдарына, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардық аймақтық бөлімшелеріне кәсіпкерлердің бизнес- бастамаларына тосқауыл болатын факторларды жою бойынша жұмыс жүргізуді және мәселені заңды тұрғыда қарау үшін ҚР Ұлттық экономика министрілігіне ұсыныстар пакетін дайындауды тапсырды. Олардың ішінде мыналар қамтылуы тиіс: есептерді жабу және салықтық басымдылық коэффициентін қалыптастыру; сауда қызметін реттеу механизмі, отандық өндірушілер тауарларын сауда нүктелері арқылы өткізудің кедергілері; шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасау және басқалары.
Іскерлік кеңес мүшелері отырыс соңында кәсіпкерлер мен монополист - компаниялар өкілдері, Алматы қаласы мемлекеттік органдар басшылары енетін жұмыс тобын құру туралы мәселені талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады