- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі «Астана» қаржылық орталығын құру бойынша іс-қимыл жоспары мақұлданды
ҚР Үкіметі «Астана» қаржылық орталығын құру бойынша іс-қимыл жоспары мақұлданды
Атап айтқанда, Үкімет мүшелері Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасының тиімділігін арттыру бойынша шараларды талқылады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова мәлімдегендей, ЖҚЖК-2020 жүзеге асыру оны жандандыруды ескере отырып, үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.
«Бұл жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған халықты «Нұрлы жол» жобаларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында еңбекпен қамту. Сондай-ақ, 2017 жылы ЭКСПО және қысқы Универсиада өткізу кезінде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға жастарды даярлау жүргізіледі. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарында пилоттық режимде аз қамтылған отбасылар үшін келісім негізінде шартты әлеуметтік төлемдер жүйесі енгізіледі», - деді Т.Дүйсенова.
Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін аймақтарда Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары әзірленген, олар 322 мыңнан астам адамды қамтиды. Министр сондай-ақ «Өрлеу» жобасы аясында атаулы әлеуметтік көмекті күшейту бойынша шаралар туралы мәлімдеді.
Отырыста сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға «Астана» халықаралық қаржылық орталығын құру және дамыту бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің Бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды