- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебі тұңғыш түлектерін ұшырды
Биыл Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебі тұңғыш түлектерін ұшырды
Аталмыш білім ордасының ұстаздар қауымы үшін бұл ерекше күн болды, себебі, биыл мектеп қабырғасынан тұңғыш түлектері ұшырылмақ.
Емтихандар нәтижелері бойынша бітірушілер тамаша білім деңгейлерін көрсете білді, олардың арасында тіпті, ЖОО студенті атанып үлгергендері де бар.
«Оқушыларымыздың көпшілігі Назарбаев университетіне, АҚШ, Чехия, Болгария, Ресей, Малайзия және Қытайдың жоғары оқу орындарына түскен», - дейді мектеп директорының орынбасары Гүлназ Ниязалина.
Мектеп бітірушілер Кәмила Ахметова Гонконг политехникалық институтының студенті атанса, Жандос Жұмағазиев Санкт-Петербор политехникалық университетінде білім алу грантын жеңіп алған.
Соңғы қоңырау салтанатында сөз сөйлеген білім ошағының директоры Сәуле Өмірбекова түрлі сайыстарда мектеп намысын қорғаған оқушыларға арнайы дипломдарды табыс етті.
Айта кетейік, қазір Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде 700-ден астам бала білім алады.
Жалпы, биыл 6365 ақтөбелік мектеп бітіреді. Облыстағы 444 мектепте барлығы 122 мыңнан астам бала білім нәрімен сусындауда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар