Шығыс Қазақстанда 20 үйдің құрылысы даму институттары арқылы жүріп жатыр

26 Мамыр, 2015 14:31
Аймақта «ҚИК» АҚ бойынша – 6 үй, «Самрұқ-Қазына» АҚ – 9, «Ертіс» ӘКК бойынша 5 үй салынып жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Ертіс» ӘКК қаражатына салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты.

Биыл облыста мемлекеттік-жеке әріптестік аясында «Ертіс» ӘКК 5 үйдің құрылысын бастады, оның 3-і Семей қаласында орналасқан.

Жалпы облыс бойынша арнайы қаржы көздері арқылы 440 мың шаршы кв, 5860 пәтерлі 70 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар