- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығына 700 млрд-қа жуық теңге жұмсалды
Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығына 700 млрд-қа жуық теңге жұмсалды
«Бірінші бесжылдықтың міндеті зауыттарды неғұрлым көбірек салып, экономика құрылымын әртараптандыру болды. Алғашқы бесжылдықта біз заңнамалық және құрылымдық негіз қаладық. Индустрияландыру экономикалық саясаттың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл жерде нақты түсіну керек, қаржының 80 пайызы инфрақұрылымға, АӨК мен өзге де бағыттарға жұмсалды. Индустрияландырудың нақты өзіне 600-700 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Олардың басым бөлігі «Даму» қоры, Қазақстанның даму банкі мен арнайы экономикалық аумақтар арқылы жүзеге асырылды»,-деді А.Құлсейітов.
Оның сөзінше, алғашқы бесжылдың басты міндеті елді деиндустрияландыруды тоқтату болды, мақсат қайта өңдеу өнеркәсібінің өсіміне кедергі келтіріп отырған трендтерді тоқтату болды және оған қол жеткізілді де.
«Қазақстан қазір Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақтың құрамында. Еуропалық Одақ тарапынан берілген статистика Қазақстанда 5 жылдың ішінде қайта өңдеу өнеркәсібін мықты жетілдіруге қол жеткізілгендігін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының қолдауы мен кезең-кезеңімен жүзеге асырылған саясаттың арқасында Қазақстан, Ресей, Беларусь сияқты үш мемлекеттің арасында қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткіздік»,-деді Басқарма төрағасы.
Ботагөз Айтжанова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды