- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша 2035 жылы ең үздік 30 елдің қатарына кіреді - ҚИДИ
Қазақстан қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша 2035 жылы ең үздік 30 елдің қатарына кіреді - ҚИДИ
«Бүкіләлемдік банк ҚР Үкіметінің өтініші бойынша, алғашқы бесжылдықтың қорытындысын талдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Бізге елді индустрияландыру жұмыстарын қалай жетілдіру керек, жалпы бізге бұл бағытта қандай шараларды қолға алу қажет деген сыңайдағы сарапшылардың пікірлерін білу маңызды. Бүгін біз Қазақстанда жүріп жатқан үдерістерге деген Бүкіләлемдік банктің пікірін білеміз. Қазақстанның енді қалай бағыт алуы қажеттігін білу үшін алғашқы бесжылдықтың қорытындысын талдап алу қажет. Қазіргі таңда қоғам арасында аталмыш бағдарлама қажет немесе қажет емес деген мәселе төңірегінде үлкен тартыс туып отыр. Сол себепті қазір жағдайда бағалап, мемлекеттік бағдарламаның қандай мәселелерді мақсат еткендігін нақты анықтап алу қажет»,-деді А.Құлсейітов.
Оның сөзінше, мемлекеттік бағдарлама туралы айтылып жүрген аңыз-әңгімелерден де арылу керек.
«Осы аңыздардың бірі аталған бағдаралама біздің елімізді 5 жыл ішінде Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты алпауыт елдердің деңгейіне жеткізуі керек. Әрине, істің мән-жайын білетін сарапшылар бұған сене қоймайды, бірақ оған сенушілер де бар екендігін айта кету керек. Бұл кәсіби тұрғыдан ойлау емес. Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің ішіне кіруге қажетті мерзімді нақты көрсетті. Германия, Жапония, Сингапур сияқты үздік елдердің отыздығына кіру үшін нақты меже 2050 жыл. Бұл ретте шикізатқа деген қайта өңдеу өнеркәсібінің осы бағыттағы саясатты жүзеге асыруда маңызды рөлге ие екендігін жақсы түсіну керек. Біздің болжамымыз бойынша, қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша үздік отыздықтың қатарына біз 2035 жылы кіреміз, әрине егер идустрияландыру идеологиясы ұлттық идеяға айналса»,-деді А.Құлсейітов.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады