- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да денсаулық сақтау бойынша қызмет көрсететін бірыңғай сall-орталық іске қосылды
ШҚО-да денсаулық сақтау бойынша қызмет көрсететін бірыңғай сall-орталық іске қосылды
Аталып өткендей, алдын алу жазылу қызметі арқылы бұдан былай алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәргеріне және балалар тіс емханасының қабылдауына жазылуға болады.
Электронды жазылу әдісін жүзеге асыру тапсырмасын аймақ басшысы Даниал Ахметов ағымдағы жылдың ақпан айында берген болатын. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесу барысында аймақтағы денсаулық сақтау саласының қызметін сын тезіне алған болатын.
Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтарға арналған саll-орталық пен арнайы сайт ашылды. Мамандардың айтуынша, жоба уақытты үнемдеуге және тіркеу бөліміндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді.
«Сall-орталықтың және арнайы сайттың көмегімен үйден шықпай-ақ қажетті маманның қабыладуына жазылуға болады. Оның үстіне халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде»,- деп денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Жалпы, орталыққа немесе сайтқа кіру арқылы кепілдендірілген медициналық көмек, учаскелік дәрігерің қабылдау уақыты мен жұмыс кестесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды