- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошталық марка шықты
Қазақстанда ЕАЭО-ға арналған пошталық марка шықты
2014 жылы, 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол Астанада қойылды. Одақтың бірінші жылдығын атап, «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясын, Ақ Орданың аясында желбіреген Қазақстанның туы және ЕурАзЭҚ-тың символикасы бейнеленген марка толықтырады, деп хабарлады ұлттық компания.
Төрт бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 156 х 144 мм. Марканың өлшемі 52 х 36 мм. Парақта 6 марка. Марканың номиналы – 100 теңге. Маркалардың таралымы 5100 марка. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды. Маркаға мөр 22 мамырда, №17 бөлісшедегі Филателия Салонында басылды.
2015 жылы, «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының қатарына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктағы маркалардың атаулы құны 200 теңге, ал жалпы таралымы 15 000 дана.
«Бұл сериядағы маркалар филателисттердің арасында өте танымал. Себебі маркалардың тақырыптары ең маңызды ұлттық және халықаралық іс-шараларға, мерекелерге, Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекеттік жүйесіне, , естелік және көрнекті тұлғалардың мерейтойларына және тарихқа қатысты» - деп «Казпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Машабаев түсіндірді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады