- Басты
- Жаңалықтар
- А.Буше: Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасының сәтті әртараптандырылғандығын айтуда
А.Буше: Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасының сәтті әртараптандырылғандығын айтуда
«Индустрияландыру Қазақстан үшін де, шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін де маңызды тақырып. Біз ЕО өкілдері Қазақстанның өз экономикасын әрттараптандыру мәселесін қалай шешкендігіне тамсанып отырмыз. Экономиканы әртараптандырудың мәні зор және ол «Стратегия-2030», «Стратегия-2050» бағдарламаларынан бастап, аталған бағыт бойынша жүзеге асырылатын түрлі жол карталары есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымын дайындалып жүзеге асырылып жатқан барлық стратегиялық жоспарлар барысында тұрақты атқарылып келеді. Осы ертте айта кететін мәселе, өнеркәсіптің өндіруші салаларына тәуелді болу қоғамның өсу әлеуетін шектеп, білім беру деңгейін арттыруға деген ұмтылысын жоюы мүмкін. Алайда қазір жаңа өндіруші салалар бойынша негізінен экономиканы әртараптандырудың негізінде гүлденіп келе жатқан өзге бағыттар бойынша жаңа технологиялар қолданылуда»,-деді А.Буше.
ЕО-тың Қазақстандағы өкілінің айтуынша, өзге елдердегі жағдай экономиканы әртарапттандыра алмаудың салдары елде әлеуметтік және саяси шиеленістерге алып келуі мүмкіндігін көрсетіп отыр.
«Аймақтардың дамуын экономиканы әртараптандырудан бөліп қарауға болмайды. Тіпті мұнай сияқты өзге де қазба байлықтарға бай Қазақстанның өзінде барлық аймақтар бірдей ресурстарға бай емес. Сондықтан Қазақстанда даму үдерісінің барлық аймақтарда бірдей болуының маңызы зор. Міне, осы ретте экономиканы әртараптандырудың рөлі өте зор екендігін байқаймыз. ҚР Үкіметі тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын басым бағыттарды айқындаған соң еуропалықтардың бұл елге деген қызығушылығы да арта түсті»,-деп қосты А.Буше.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы