• Басты
  • Қазақстандық студенттерге Ұлт жоспары аясындағы жастар саясаты саласының басымдықтары түсіндірілді
25 Мамыр, 2015 17:34

Қазақстандық студенттерге Ұлт жоспары аясындағы жастар саясаты саласының басымдықтары түсіндірілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жастармен кездесуі өтті, басты тақырып «5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам» ұлт жоспарын талқылау.

Қазақстандық студенттерге Ұлт жоспары аясындағы жастар саясаты саласының басымдықтары   түсіндірілді | Strategy2050.kz

Жастардың «Елбасымен бірге жастардың 100 қадамы» атты форумы жастар саясатына қатысты бірқатар басымдықтар мен проблемалы мәселелерді анықтады.   

«Сіздер біздің елімізде жастарға үлкен көңіл бөлініп отырғандығын білесіздер, еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден бастап-ақ, Елбасымыз жастарды қолдау бағытындағы саясат жүргізіп келеді. Мемлекет жыл сайын мектепке дейінгі, балаларға арналған, жалпыға білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарын салып келеді»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.

Мысал ретінде Сапарбаев әлемнің ешбір мемлекетінде жоқ «Болашақ» қазақстандық білім беру жүйесін келтірді.

«Соңғы 20 жылда осы бағдарлама бойынша 8 мыңға жуық жас қазақстандықтар әлемнің үздік деген оқу орындарында білім алды»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.   

Сонымен қатар, вице-премьер Елбасы жүргізіп отырған саясаттың арқасында жастарды қолдау мен олардың үйлесімді дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалғандығын, алайда жастармен жұмыс талапқа сай жүргізілмей отырғандығын атап өтті.

Б.Сапарбаев Ұлт жоспары мен «Мәңгілік ел» идеясындағы жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін шешуді қажет етіп отырған бірнеше мәселені атап өтті. Бұл жастардың жұмыспен қамтылуымен, қылмыспен, жас отбасылар арасындағы ажырасу жағдайларының жиілеп кеткендігімен, салауатты өмір салтын насихаттау ісінің сылбыр жүргізілуімен, жастар ұйымдарының жұмысына белсене араласушылықтың жоқтығымен және қазақстандық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау жұмыстарының әлсіздігімен байланысты болып отыр.  

Шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдері мен Астана және Алматы қалларының басшылары, Ұлттық компаниялар мен жергілікті атқарушы органдардың, білім беру орындары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.  

Индира Кауметова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды