• Басты
  • ШҚО-да 1500-ден артық мемлекеттік қызметшінің тіл меңгеру деңгейі анықталды
26 Мамыр, 2015 08:37

ШҚО-да 1500-ден артық мемлекеттік қызметшінің тіл меңгеру деңгейі анықталды

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы лингвистикалық орталық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің Қазтест жүйесі арқылы тіл меңгеру деңгейін анықталуда, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

ШҚО-да 1500-ден артық  мемлекеттік қызметшінің  тіл меңгеру деңгейі анықталды | Strategy2050.kz

2015 жылғы 10 сәуірде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысуымен өткен «Тіл – татулық тірегі» республикалық кеңесінің хаттамалық шешіміне сәйкес қазтест сертификатын алған мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің үлесін арттыруды бағдарламада көрсетілген индикаторларға сәйкес жұмыстарды жалғастыруға нұсқау берілді.

Осыған орай, ШҚО-да мемлекеттік қызметшілерден тест алынуда. ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы лингвистикалық орталығының директоры Бақыт Ағажаеваның айтуынша, тестке 1506 мемлекеттік қызметші және халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері қатысып отыр. Оның 86-ы өз қалауларымен мемлекеттік үлгідегі ҚАЗТЕСТ сертификатын алуға ниет білдірген. Облыстағы басқармалар мен департаменттермен қатар, мемлекеттік қызметшілердің бірқатар бөлігі облыстың Зырян, Глубокое, Бесқарағай, Бородулиха аудандарынан келген.

«Лингвистикалық орталық осымен 4-ші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. ШҚО-да 7 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Қазақ тілін меңгеруге талпынған әр түрлі сала қызметшілерінің қатары жыл санап артып келеді. Былтыр ғана облыс бойынша тестке 500 адам келсе, биыл олардың саны 1506 адамды құрады», – дейді Б.Ағажаева.

Диагностикалық тест тыңдалым, лексика-грамматикалық тест, оқылым блоктары арқылы өткізілуде. Қызметшілер 2 жарым сағаттың ішінде 150 сұраққа жауап береді. Тест нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығының сарапшылары бағалайды.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің 6065-і Қазтест жүйемен танысса, былтырғы жылы олардың 333-і мемлекеттік үлгідегі Қазтест сертификатына ие болған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды