• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы опера өнерін дамыту туралы конференцияға әлемнің 25 елінен театр сыншылары қатысады

Астанадағы опера өнерін дамыту туралы конференцияға әлемнің 25 елінен театр сыншылары қатысады

15 Қазан, 2013 13:31
«Астана Операдағы» алғашқы әлемдік театр примьерасы аясында 22 қазанда «Қазіргі заманның опера өнері: дәстүр, жаңашылдық, болашақ» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметі.

«Конференцияға Англия, Италия, Испания, Қытай, Ресей, Қазақстан мен өзге де елдерден атақты театр сыншылары қатысады»,- деліген хабарламада.

Сонымен қатар әлемдік мәдіниет кеңістігінде операның алар орны, театр бағдарламаларының құрылуы және еуропада жас әртістерді оқыту, ірі театрларды басқару тәсілдері, ұлы орындаушылардың тарихи мұралары тақырыптарында сарапшылар өз ойларымен бөліспек.

«Астана Опера» жас театры үшін ғылыми-техникалық конференция өткізудің маңызы зор. Шара барысында талқыланған тақырыптар ішінде біз опера өнері дамыған елдердің тәжірбиелерімен танысамыз. Біз театр мен халық арасындағы байланысты нығайтып, кейінгі ұрпақты театрға тарта білуіміз керек» - деді «Астана Опера» МОБТ директоры Төлеген Мұхамеджанов.

Т.Мұхамеджановтың айтуынша, театр жоспарында оқушылар мен жастарды театрға баулу бағдарламасы да бар. 

Барлық жаңалықтар