- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Президенттің 5 реформасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығын дамыту туралы семинар өтуде (Фото)
Астанада Президенттің 5 реформасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығын дамыту туралы семинар өтуде (Фото)
Бұл семинардың мақсаты – ұлт жоспарына – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамына сәйкес практикалық шараларды әзірлеу мен талқылау болып табылады, деп хабарлады Академияның баспасөз қызметі.
Семинарды Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Польшадан келген профессор Ержи Бански қатысады, ол қатысушыларға Польшаның ауыл шаруашылығын дамытудың күрделі мәселелері мен табысты реформалар туралы айтып береді, сондай-ақ ЕО-ның ауыл шаруашылығы саласындағы саясатымен таныстырады.
Іс-шара барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері әкімдер орынбасарларына АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну, ЕАЭО мен ДСҰ жұмыс істеу жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту келешегі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік субсидиялар туралы айтып береді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері ауыл шаруашылығын басқару үшін ғарыш технологияларын пайдалану тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар АӨК кредиттеу мәселелері бойынша қатысушыларға «Қазагро» АҚ мамандары кеңес береді.
Семинар шеңберінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ ҚР ПӘ мемлекеттік инспекторларының қатысуымен мәжіліс өтеді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі