- Басты
- Жаңалықтар
- 180 мың адам «Алматы - Гүл қала» фестиваліне қатысты
180 мың адам «Алматы - Гүл қала» фестиваліне қатысты
Алматылықтар мен қала қонақтары мерекенің гүлмен безендірілуіне лайықты бағаларын берді. Мерекенің басты көрсетілімі - жалпы көлемі 450 кв.м., болатын гүлдер мен табиғи материалдардан өріп жасалған гүл кілем.
«V фестивальдің негізгі тақырыбы этникалық суреттер мен қазақ өрнектерінен құралған витраж бен мозаика болды. Гүл жәрмеңкеге өте көп гүл ассортименті қойылды. Бұл жолы оған 100-ден астам компания қатысты, бұрынғы байқаулармен салыстарғанда рекордты көрсеткіш», - делінген хабарламада.
Бұлардан өзге гүл мерекесіне келушілер үшін балалар сурет аймағы, ашық аспан астындағы кинотеатр жұмыс істеп, концерт қойылып, цирк артистері өнер көрсетті. Жас алматылықтар үшін арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Тақырыптық конкурстар болды.
Фестиваль қонақтарын ерекше тәсілмен қаланың белгілі адамдары құттықтады, демеушілер де түрлі қызықты шаралар ұйымдастырды.
Алматының үздік флорисі атағы мен 1 млн. теңге сыйақы үшін қаланың 8 ауданынан 30 адам қатысты. Үшінші және төртінші орындарға белгіленген сыйақы мөлшерлері тиісінше 500 бен 300 мың теңге аралығында болды. Бұл жолы байқауға балалар категориясы да қатысты. Жас флористер - iPhone, iPad және басқа да гаджеттер алды. Бұл жолғы фестивальдің теңгелік қоры 2,5 млн. құрады.
V гүл фестивалінің соңы отшашуға ұласты.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы - Гүл қала» фестивалі 2011 жылдан бері өтіп келеді әрі гүл шаруашылығын жандандыруға, экологиялық міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етуде. ТМД аумағында осынау өте қызықты әрі мәнді гүл фестиваліне 500 мыңнан астам адам келді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді