- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Батыр» атты сүйрегіш көлік құрастырылды
Ақмола облысында «Батыр» атты сүйрегіш көлік құрастырылды
«Батыр» сүрегіші техниканың сүйгін жаңғырту жолымен дайындалды және ол адамдар мен жүк тасымалдауға, тіркегіштерді сүйреп жүруге, жүруге қиын аймақтардағы апаттан құтқару сияқты шараларды жүзеге асыруға арналған. Бұл техника Қарулы Күштер өкілдерінен тарапынан қолданылудан қалған, ал біз оны «Батыр» сүйрегішіне айналдырып, екінші қайтара пайдалануға мүмкіндік жасап отырмыз»,-деді «КИ 811 автожөндеу зауыты» акционерлік қоғамының Бас директоры Ержан Кәрімов.
«Батыр» жылдың кез-келген мезгіліне қолайлы. Қыста қармен жылдам жүретін болса, суда еш кедергісіз қозғалады. Биылғы жылғы су тасқыны кезінде «Батыр» өзінің бар күш-қуатын көрсетті. Оның техникалық мүмкіндіктеріне келетін болсақ, өзінің жұмыс бабындағы салмағы 9 мың 700 келіні құрайды. Ал, тіркегішінің салмағы 6 мың 500 келі. Яғни «Батыр» осындай ауыр салмақтың өзін жұлып алады. Жылдамдығы сағатына 60 километрді құрайды»,-деді Бас директор.
Естеріңізге сала кетейік, «КИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ жүк тасымалдайтын және шынжыр табанды техникаларға күрделі жөндеу жүргізуге бейімделген Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорындардың бірінен саналады және бұл салада оның мемлекеттік тапсырыстарды орындап жүргенінен 13 жылдан асты. «Батыр» сүйрегіші зауытта жасалып жатыр. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Инвестициялық комитеті зауыттың өртке қарсы автоцистерналер мен ЗИЛ-135 ЛМ көлігін күрделі жөндеу жөніндегі бірқатар инвестициялық жобаларын мақұлдады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші