- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының әкімі 6 аудандағы көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысты (ФОТО)
Ақмола облысының әкімі 6 аудандағы көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысты (ФОТО)
25 Мамыр, 2015 11:21
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин көктемгі егін егу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында аймақтағы 6 ауданды аралады. Ол Целиноград, Қорғалжын, Астрахань, Егіндікөл, Шортанды мен Еңбекшілдер аудандарына барып қайтты, деп әкімдіктен хабарлады.
«Аймақ басшысы әр аудандағы көктемгі егін-егу алаңдарын аралап, ауылдық округтердің әкімдерімен, шаруалармен кездесті. Жалпы егін алқабына 200-ден астам аграрилер келген. Кездесу барысында өңір басшысы ауыл округтерінің әкімдерінен бүгіннен бастап қысқы жылыту маусымына дайындықты бастауды тапсырды. Сонымен қатар, ол әр ауылдарда абантандыру жұмыстарын жүргізуі керек екендігін жеткізді», - делінген хабарламада.
Жалпы, кездесу барысында облыс әкімі А.И. Бараев атындағы институт ғалымдарының кеңестерін ескере отырып көктемгі егін егу жұмыстарын ұйымдасқан тұрғыда өткізу қажеттгін атап өтті.
Өз кезегінде шаруалар мемлекет тарапынан көрсетлііп отырған қолдау шараларына алғысын жеткізді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары