Ақмола облысында 1296 га жерге ағаш отырғызылды (Фото)

25 Мамыр, 2015 11:03
Ақмола облысында 1296 га жерге ағаш отырғызылды.Бұл пікірді Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Руслан Әубәкіров облыс әкімдігінің кезекті отырысында айтты.

Жиналғандар орман шаруашылығы жұмыстарын орындау барысы туралы және 2015 жылдың өрт қауіпті кезеңінен өту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Құзіретті орган басшысының мәліметі бойынша Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры 1 043,7 мың. га құрайды.

Ормандағы өртті ауыздықтау мақсатында су қорын үздіксіз қамтамасыз ету үшін орман шаруашылықтары мекемелерінің аумағында 162 су жинау орындары орналасқан. Оның ішінде 36 табиғи, 56 жасанды су қоймалары, 64 су скважиналары, 4 жел су сорғыштары бар.

Орман шаруашылығының бекітуі бойынша облыста 30 өрт-бақылау мұнаралары және 23 өрт-бақылау пункттары жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерімен 1016 рейдттер мен тексерулер жүргізілген. Заңсыз ағаш кесу деректері тіркелмеген.

Өңір басшысы осы бағыттағы жұмысқа жақсы баға беріп, мемлекеттік орман қорын өрттен, заңсыз кесуден қорғау керек екендігін айтты. 

 

 

Барлық жаңалықтар