• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Армения фармацевтика мен құрылыс саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (Фото)

Қазақстан мен Армения фармацевтика мен құрылыс саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (Фото)

25 Мамыр, 2015 10:06
Ереванда қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті, оны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Kaznex Invest» Экспорт пен инвестициялардың Ұлттық агенттігі басқарып отыр.

Сауда миссиясы аясында Армаениядағы ҚР Елшілігінің көмегімен мемлекеттік органдарда кездесулер өтті, оның ішінде қала құрылысы, денсаулық сақтау, энергетика, экономика және Ереван қаласының  мэрімен кездесулер өтті.

«20 мамыр күні Армения астанасында Қазақстан-Армения бизнес форумы өтті. Шараға «Kaznex Invest» Экспорт пен инвестициялардың Ұлттық агенттігі, АР Қазақстан Елшілігі, Арменияның сауда-өндірістік  палатасы, қазақстандық және армян бизнес өкілдері қатысты. Шара барысында екі ел тарапының өкілдері экспорттық-импорттық мәселелерді талқылады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, фармацевтика және құрылыс саласында келісім орнатылды», - деп хабарлады ҚР СІМ.

Шара аясында «Kaznex Invest» пен Арменияның сауда-экономикалық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Арменияның сауда-экономикалық палатасының директоры Андраник Алексанян құжатқа қол қойылу екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.

 

 

Барлық жаңалықтар