- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалық оқушылардың 93 пайызы жазғы тынығу лагерінде демалады
Қызылордалық оқушылардың 93 пайызы жазғы тынығу лагерінде демалады
Облыста балалардың жазғы демалысы жыл сайын қала сыртында, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде, оқушылар үйіндегі дебаттық клубтар мен аула клубтарындағы үйірмелер және спорттық секцияларға қатысу, көркейту-көгалдандыру, құрылыс – жөндеу бригадаларына тарту, тарихи орындарға саяхат формасында ұйымдастырылып келеді.
Облыс көлемінде қала сыртындағы 9 лагерь бар. Оқушылар соңғы екі жылдан бері Жаңақорған ауданында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» демалдырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Биыл оның қатарына «Қамбаш» оқу-сауықтыру орталығы қосылып отыр. Екі нысан жыл он екі ай жұмыс жасайды. Яғни, үш ай демалыста балалар тынықса, қалған уақытта оқушылар білімдерін жетілдіреді.
«Қазіргі таңда орталықта 400 оқушы ҰБТ-ге дайындықтан өтті. Бұл облыстағы мектеп оқушыларына жасалған үлкен қамқорлық деп білемін. Қала және аудан әкімдіктері мен білім бөлімдерінен балаларың жазғы демалысын ұйымдастырудың іс-шара жоспарына сәйкес белгіленген жұмыстарды уақытылы және сапалы ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қараңыздар», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Алдағы уақытта қала сыртындағы және облыс аймағынан тыс орналасқан балалардың жазғы тынығу лагерлерінде 3862 оқушыны жергілікті кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар өз демеушілігі есебінен демалуын ұйымдастыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагелерінде жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 48565 оқушыны демалдырылады деп күтілуде.
Екі жыл қатарынан өңіріміздегі аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж отбасы балаларын бюджеттен тыс қаржылармен басқа облыстардың лагерлерінде демалдырылды. Осы жылы бұл мәселе жоғарыда көрсетілген мекемелер арқылы біршама оң шешімін таппақ.
-
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек -
Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді -
Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді -
Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды -
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылды - министр -
Бүгін Қазақстанда коронавирус індетінің белгілері жоқ 393 тасымалдаушы тіркелді -
Е.Тұрғымбаев: ІІМ қызметінің 83 пайызы электронды форматқа көшірілген -
2020 жылы Қазақстанда ана мен баланы қолдауға 693 млрд теңге қарастырылған -
Д.Абаев: Азаматтардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді -
А.Райымқұлова: Мектептердің 37 пайызында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді -
Елдегі су арналарының 80 пайызы тозған – М.Мырзағалиев -
Түркістанда МӘМС жүйесіне тұрғындардың 91,6 пайызы қатысады -
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 пайызы сенеді - сауалнама нәтижесі