• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Бұқанова: Қазақстанда ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр

Р.Бұқанова: Қазақстанда ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр

23 Мамыр, 2015 12:15
Қазақстанда ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр, деп мәлімдеді Башқұрт мемлекеттік университетінің профеесоры, тарих ғылымдарының доктары Роза Бұқанова ОКҚ-да.

«Екі күн бойы өтіп жатқан ғылыми – тәжірибелік конференция қазақ хандығының 550 жылдығына арналған маңызды мәселелерді көтеруде. Мемлекеттілік мәселелері әр мемлекет пен ұлт үшін өте маңызды, ал Қазақстанда «Мемлекет тарихы институтының» болуы көп нәрсені аңғартады», - деді Р.Бұқанова.

Оның айтуынша, қазақтардың тарихы ол тек қазақ хандығының 550 жылдығы ғана емес, оның тарихы мен дәстүрінің тамыры тереңде.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, ол тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар көптеген мемлекеттер мен ұлттар үшін маңызды оқиға. Жалпы, конференция өте олжалы болды. Оның үстіне мен Қазақстанда ғылымды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отырғанына сүйсіне қараймын», деп ағынан жарылды  Р.Бұқанова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар