Қазақстан көпғасырлық даму тарихын әліде жазып келеді - сарапшы

23 Мамыр, 2015 11:47
Қазақстан көпғасырлық даму тарихын әліде жазып келеді,деп мәлімдеді У.Д Әлиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттiк университетiнiң Филология институтының қарашай және ноғайй филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Нәсiпхан Сүйiнова Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында.

«Еуразия құрлығындағы заманауи қуатты мемлекет - Қазақстан бүгiнде ғылыммен салыстырылып тексерiлген өзiнiң көпжылдық даму тарихын, соның iшiнде рухани-мәдени дамуын жазуды жалғастыруда. Қазақстан өз зерттеулерi кезiнде және қазiр де Қазақстанның мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуы үшiн үлес қосып келе жатқан елдердiң гуманитарлық ғалымдарының қатысуымен жүргiзуде», -деп атап өтті Н.Сүйiнова.

Профессордың айтуынша, еліміздің  ұлы байланыстар тарихы жайлы ноғайлықтар да аз жазған жоқ. «Ноғай ордасының қалыптасуы, дамуы мен құлдырауын қамтитын ноғайлардың поэзия-жырлары мен фольклоры қазақтардың тарихының бiр бөлiгiне айналды», - дедi ол.

«Ресейдегi 103 мың адамнан құралған қазiргi заманғы ноғайлар да өз тарихын жазуда және Қазақстан бiзге көмектесуде. Елдiң батысындағы жазықта сақталған ноғай жырлары бар. Қазақстанда жазылған бұл мұраларды бiзде жазылған мәтiндермен салыстыратын ғылыми жұмыс жүргiзу мүмкiндiгi туып отыр», - деп түйді  Н.Сүйiнова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар