Нобель сыйлығының лауреаттары елордалық университетті аралады

23 Мамыр, 2015 13:07
2015 жылдың 22 мамырында VIII Астана экономикалық форумы аясында алғаш рет елордалық ЖОО Нобель сыйлығының лауреаттары ФИНН КИНЛАНД (2004 ж.) пен ЭРИК МАСКИН (2007 ж.) Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін аралады.

Оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Нобель сыйлығының лауреаттары ЖОО-ның тарихымен танысып, «ҚазГЗУ-дың құрметті қонақтары кітабына» өздерінің тілектерін жазып қалдырды. Содан соң, олар ЖОО ұжымымен, студенттерімен, ТМД елдері жастарынының дүниежүзілік экономикалық форумына қатысуға келген делегаттармен кездесті.

Финн Кидланд пен Эрик Маскин кездесу барысында танымдық лекция оқып, аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Шара оларға «ҚазгЗУ-дың құрметті профессорлары» атағын  және естелік сыйлықтарды тарту етумен аяқталды. 

Барлық жаңалықтар