- Басты
- Жаңалықтар
- «OSKEMEN EXPO – 2015» көрмесіне әлемнің 10 елінен 50-ден аса ғалым қатысты (ФОТО)
«OSKEMEN EXPO – 2015» көрмесіне әлемнің 10 елінен 50-ден аса ғалым қатысты (ФОТО)

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, Жаңа идеялар мен жобалардың, технологиялардың ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті таныстырылған көрмеге Ұлыбритания, Канада, Ямайка, ОАР, АҚШ, Жапония, Корея, Польша елдерімен қатар, шекаралас Қытай, Ресей елдерінің кәсіпорындар мен ұйымдар, білім ордаларынан 50-ден аса ғалымдар келіп қатысты. Шетелдік меймандарды көрмеде таныстырылған инновациялық биотехнология саласындағы жаңашылдық идеялары, өнеркәсіп саласындағы демалу құрылғысы, электр энергиясыз жұмыс істейтін стационарлық тоңазытқыш сынды бірқатар жобалар тәнті етті.
Көрмеге өткізуге дайындық алдында ақпан айында әлеуетті қатысушылар арасында «Болашақ энергиясы» атты жобалар байқауы өткізілген еді. Атырау, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Семей қалаларынан 4 номинация бойынша 44 өтінім келіп түскен. Сарапшы топ жобаларды бағалап, қорытындысында 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жас өнертапқыштар да биік белестерден көріне білді. «Болашақ энергиясымен» қатар, мектеп оқышылары мен колледж студенттері арасында «OSKEMEN EXPO Junior-2015» байқауы жарияланған болатын. Көрмеде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аталмыш байқауда Георга Шелеповнаның жобасын «Бедерлі өсімдік дақылдарын орнықтыру моделі» деп атады.
«Қазақстанның байлығы – оның табиғи қоры мен сол қорды тиімді пайдалана білуінде. Біз сіздермен тәжірибе алмасып, біріге жұмыс істеуге әзірміз. Болашақ энергиясының қайнар көзін табу – бүгінгі күні әлемнің барлық елдері қолға алған ауқымды жұмыс. Бұл салада Қазақстан да табысты еңбек етіп келеді», – дейді Жапониядан келген ғалым, университет доценті Акита Масахико Бешшо.
Көрме соңында байқауда үздік жобаларымен танылған бір топ болашақ ғалымдар марапатталды. Атап айтқанда, «Дәстүрлі энергетикадағы таза технологиялар» тақырыбында Александр Баклановқа, «Тау-кен саласындағы жасыл технологиялар» тақырыбында Андрей Вавиловқа, «Экотуризм» тақырыбын қаузаған жас Алмас Зайнолдинге арнаулы дипломдар табыс етілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар

