- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Балықбаев: 2011 жылғы «Ғылым туралы» заң ҚР ғылым үдерісін белсендендірді
Т.Балықбаев: 2011 жылғы «Ғылым туралы» заң ҚР ғылым үдерісін белсендендірді
«Қазақстандағы 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» заңы бойынша ғылымды басқарудың жаңа үлгісін жүзеге асыруға бағытталған соңғы жылдардағы жүйелі өзгерістер бірінші кезекте, ғылыми қызметті қаржыландырудың құрылымына жаңа өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде республика көлемінде алғанда ғылыми үдерісті белсендендірді»,-деді Т.Балықбаев.
Оның сөзінше, қабылданған заң қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының журналдарда жарық көруін 3 есеге арттырды.
«Соңғы жылдары ғылымға жастардың келуі мен олардың ғылыми әлеуеттерінің артуы байқалады. Қабылданған заң қазақстандық ғалымдардың рейтингтік журналдардағы халықаралық жарияланымдарының санының айтарлықтай артуына негіз болды. 2011-2014 жылдар аралығында ғылыми жарияланымдардың саны 3 есеге артып, 984-тен 2 мың 783-ке дейін жетті»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 21-22 мамыр аралығында VIII Астана экономикалық форумы өтіп, оған әлемнің 90 мемлекетінің саяси, сарапшылық және іскер топтарынан 3 мыңға жуық адам қатысты.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек