• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д. Панкин: Қазақстандық қоғамды жаңғырту бұл Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еуразия одағы үшін сын

Д. Панкин: Қазақстандық қоғамды жаңғырту бұл Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еуразия одағы үшін сын

22 Мамыр, 2015 20:03
Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға деген қадам – тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еурази Одағы үшін сын, деді Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Дмитрий Панкин Астана экономикалық форумының аясында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Маған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздері қатты әсер етті, жаңғырту жөніндегі бастама жекелеген мәселе емес. Қоғамды дамытудың бұрынғы үлгісі ескіріп, енді қоғамммен келісімнің, ұлт пен элитаның қарым-қатынасына, білім берудің рөліне, элитаны қалыптастыру ұстанымының рөліне деген жаңаша көзқарас туралы әңгіме болып отыр. Яғни, бізге Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан психология санаға сіңіп қалған қоғамды трансформациялау қажет»,-деді ол.

Біз енді белсенділіктің төмендігі сияқты адамдардың өмір салтын өзгертіп, еркін жаңа қоғамды қалыптастырамыз. "Бұл тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Еуразия одағы үшін сын. Бұл 21 ғасырдағы 20 ғасырдан қалған мұрадан арылып, жаңа құндылықтарға, жаңа қоғамдық келісімдерге негізделген жаңа заман қоғамын қалыптастыру»,-деді Панкин.      

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар