Қ.Жақыпов Австрия Парламенті кеңесінің вице-спикерімен кездесті

22 Мамыр, 2015 19:31
Парламент Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Австрия Парламентінің ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Карлхайнц Копфпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Австриялық мейман Астананың түрлі мемлекеттерден келген өкілдердың барлығының бір алаңда бас қосып, саяси және экономикалық мәселелерді талқылауларына тағы бір мәрте мүмкіндік жасап отырғандығын атап өтті. 

Тараптар Астана мен Вена бір-бірімен маңызды әрі сенімді әріптестер екендігін құптады. К.Копфтың сөзінше, Еуропа мен Орталық Азияның арасында ұйымдастырушы қызметін лайықты атқарып отыр.  

Қабиболла Жақыпов еліміздің шығыс пен батыстың, оңтүстік пен солтүстіктің мәдениетаралық, дінаралық диалогының одан әрі дамуына ықпал етіп отырғандығын және мұндағы басты алаң Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі екендігін атап өтті.  

«Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде айта келе, Қабиболла Жақыпов австриялық кәсіпкерлерге «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен ҮИИДМБ аясындағы индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды. Бұл ретте Мәжіліс төрағасы елімізде бизнеске жасалатын жағдайлардың әсіресе заңдық негізде ұдайы жетілдіріліп отыратындығын айтты»,-делінген хабарламада.     

Қазақстандық мәліметтер бойынша өткен жылы екіжақты сауда айналымы 3,1 миллиард АҚШ долларын құрады.

Өз кезегінде Карлхайнц Копф австриялық компаниялардың Қазақстанда ынтызарлықпен жұмыс істейтіндігін атады. Өйткені Қазақстанның жетістіктері көзге көрініп тұр.  

Сондай-ақ австриялық мейман екіжақты қарым-қатынастарды қолдап, оны тек үкімет пен дипломатиялық байланыстар арқылы ғана дамытып қоймай, Парламент аясында да жетілдіру қажеттігіне тоқталды.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар