• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мамин: Қазақстан 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы тасымал көлемін 2 есеге арттырмақшы

А.Мамин: Қазақстан 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы тасымал көлемін 2 есеге арттырмақшы

22 Мамыр, 2015 19:15
Біз 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы тасымал көлемін екі есеге артыруды көздеп отырмыз, деді «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының президенті, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлікшілер одағының төрағасы Асқар Мамин АЭФ барысында.

«ЮНКТАД сарапшыларының бағалауы бойынша, Еуразиялық континенттегі негізгі нарықтардың арасындағы сауда көлемі 1,5 есеге 800 миллиард АҚШ долларына өсіп (2014 жылы), 2020 жылы 1,2 триллион долларды құрайды, бұл ретте Қытай мен Еуропалық Одақ елдерінде 615-тен 800 миллиард долларға дейін өседі, Қытай мен Үндістан арасында 66-дан 92 миллиард долларға дейін артады»,-деді А.Мамин.

ҚТЖ компаниясы басшысының сөзінше, бүгінде Азия мен Еуропа арасындағы континентаралық жүк тасымалында теңіз айлағы басымдыққа ие және тасымалдардың 98 пайызы осы айлақтың үлесінде. Бұл өз кезегінде тасымалды ішкіконтиненталдық дәліздерге ауысу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«2014 жылы Қазақстанның көлік дәліздері арқылы жүк тасымалы 18 миллионға жуық тоннаны құрады, оның ішінде темір жол арқылы 16,1 миллион тоннаны, автокөлік арқылы 1,5 миллион тоннаны, су, яғни Ақтау айлағы арқылы 100 мың тоннаны, ал тасымалдан келетін кіріс 1 миллиард АҚШ долларын құрады»,-деді ол. 

«Аталған мүмкіндіктерді ескере отырып, біз алдымызға 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы тасымал көлемін екі есеге арттыруды міндет етіп қойып отырмыз.  Жеделдетілген өсім мен Қытайдың орталық және батыс провинцияларынан келетін экспорт өсімі біздің мақсаттарымызға жетуге ықпал ететін болад»,-деді А.Мамин.

ҚТЖ басшысының айтуынша, 2012 жылдан бастап, сапалы қызмет көрсету үшін  жедел контейнерлік пойыздар қызметі ұйымдастырылды. «Нәтижесінде біз контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылы 17 есеге артып, 2020 жылы 951-ге жетеді деген ойдамыз»,-деді ол.

«Бүгін біз клиенттеріізге, Қытай, Еуропа, Ресей, Кавказ бен Парсы шығанағының Қазақстан арқылы кез-келген жерінен көлік қызметін ұсына аламыз. Қазіргі таңда Үндістаннан тасымалданатын тауарлардың тасымалының логистикалық жүйесін дайындаудамыз және олар Мундра, Иранның Бандар-Аббас қаласы мен Түрменстан және Қазақстан арқылы жүреді»,-деп қорытты ол.  

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар