• Басты
  • Неміс компаниясы Қазақстанда қызмет еткен 10 жыл ішінде 420 млн доллар инвестициялады
22 Мамыр, 2015 19:03

Неміс компаниясы Қазақстанда қызмет еткен 10 жыл ішінде 420 млн доллар инвестициялады

Цемент, тауарлы бетон мен инертті материалдар өндіретін немістің HeidelbergCement компаниясы Қазақстанда жұмыс істеген 10 жыл ішінде еліміздің экономикасына 420 миллион доллар инвестициялады, деді HeidelbergCement компаниясының Орталық Азия бойынша Бас менеджері Роман Кемпе VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында.

Неміс компаниясы Қазақстанда қызмет еткен 10 жыл ішінде 420 млн доллар инвестициялады | Strategy2050.kz

«HeidelbergCement немістердің Қазақстандағы ең ірі инвесторы. Соңғы 10 жыл ішінде компания Қазақстанға 420 миллион АҚШ долларынан астам қаржы инвестициялады. HeidelbergCement Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істеуде және бүгінде оның екі цемент зауыты мен Алматы, Астана, Ақтау қалаларында 6 іске қосылған бетон зауыты бар. Компанияда 2 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олардың жұмыстары цементті, тауарлы бетон мен инертті материалдарды өткізумен байланысты»,-деді ол.      

Естеріңізге сала кетейік, VIII Астана экономикалық форумына әлемнің 90 мемлекетінің саяси, сарапшылық және іскер топтарынан 3 мыңға жуық адам қатысуда.  

Анар Тәңірқұлова  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды