• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда корпоративтік басқару деңгейінің бағалау картасы таныстырылады

Алматыда корпоративтік басқару деңгейінің бағалау картасы таныстырылады

14 Қазан, 2013 12:20
16 қазанда Алматыда өтетін «Отандық листинг: өз мүмкіндігіңді бағала» атты конференцияда корпоративтік басқару деңгейінің бағалау картасы таныстырылады, деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасының баспасөз қызметі.

16 қазанда Алматыда «Отандық листинг: өз мүмкіндігіңді бағала» атты конференция өтеді. Шараның басты мақсаты IPO-ға шыға отырып ҚР құнды қағаздар нарығына капитал тарту мүмкіндігі туралы қазақстандық компанияларға қажетті ақпарат ұсыну болып табылады. Сонымен қатар корпоративтік басқару тәжірбиесін бағалауға арналған жаңа құралдарды - (IFC) халықаралық қаржы корпорациясы тарапынан жасалған корпоративтік басқару деңгейін бағалау картасын таныстыру», - делінген хабарламада.

Бағалау картасы инвесторлар тарапынан сенім тудыратын корпоративтік басқару тәжірбиесін жүзеге асыру мен өзінше сараптама жасауға мүмкіндік беретін қажетті құрал болып табылады. 

Барлық жаңалықтар