- Басты
- Жаңалықтар
- Р. Жошыбаев: Бүгінде 26 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындықтарын ресми растады
Р. Жошыбаев: Бүгінде 26 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындықтарын ресми растады

«Тұрақты дамудың энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану проблемасын шешудің басты үлесі әрине, 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу болып табылады. Көрме Орталық Азия мен ТМД аймағында алғаш рет өтеді және баламалы, жаңғыртылатын энергетиканы пайдаланудың дайындық жұмыстарына мықты, тың серпін беріп, ең үздік деген әлемдік технологиялардың таныстырылымын жасайтын алаң ұсынады, энергетикалық жағынан тиімді бағдарламалардың қолданысқа енуіне ықпал етеді»,-деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев.
Оның сөзінше, бүгінде 26 мемлекет өздерінің халықаралық көрмеге қатысатындықтарын ресми растады. «Сонымен қатар өтініштер де түсіп жатыр, өзге мемлекеттердің тіркелуін күтеміз. Ресми түрде тағы 3 халықаралық ұйым қатысуға ниетті екендіктерін айтты, менің ойымша біз әлі көптеген мемлекеттерді тіркейміз, олар шамамен 60-70 мемлекет болады»,-деп жалғады ол.
«Біз үш қосымша тақырыбы бар өзекті тақырыпты таңдадық. Олар: CO2 қалдықтарын қысқарту, энергиялық тиімді өмір үлгісі мен энергия барлығы үшін тақырыптары»,-деді Жошыбаев.
Айта кететін мәселе, «ЭКСПО-2017» кең ауқымды мәселелерді қамтиды, сонысымен мемлекеттер мен халықаралық ұйым, ірі компания өкілдерінің қызығушылықтарын тудырып отыр.
«Астана экономикалық форумының өзінде ЭКСПО көрмесінің аясында және оның алдында осы салада жұмыс істейтін инженерлер мен ғалымдардың бүкіләлемдік конгресін өткізу жөнінде бастама көтерілуде. Осы ретте біз де Астана ең қызықты идеялар көтерілетін арнайы алаң болғанын қалаймыз. Бұл осы тақырыпты бұрыннан зерттеп жүрген жастардың да тәжірибелі ғылымдардың да ортасы. Астанада өтетін көрме халықаралық деңгейдегі айтулы оқиғалардың бірі болады деген үміттемін және біз «ЭКСПО-2017» көрмесін ең жоғары деңгейде өткізу үшін барымызды саламыз»,-деді Р.Жошыбаев.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады

