• Басты
  • Жаңалықтар
  • Транслогистикалық сала Қазақстан экономикасын жаңғыртудың тағы бір маңызды бөлігі болады – Ә.Исекешев

Транслогистикалық сала Қазақстан экономикасын жаңғыртудың тағы бір маңызды бөлігі болады – Ә.Исекешев

22 Мамыр, 2015 17:53
Транслогистикалық сала Қазақстан экономикасын жаңғыртудың тағы бір маңызды бөлігі болады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астана экономикалық форумында.

«Жібек жолының қазақстандық бөлігінде барлық инфрақұрылымдары, құрлықтық, теңіз айлақтары, автомобиль, темір жол, жоғары деңгейдегі сервистік қызмет көрсететін логистикалық орталықтары бар тиімді транслогистикалық жүйе құрылатын болады. Қайта өңдеу өнеркәсібі сияқты экономиканың өзге де  салаларымен қатар туризм мен өндіріс секторларының қызметтері, транслогистикалық сала еліміздің экономикасын жаңғырту мен мұнайға тәуелділіктен арылу бағытындағы маңызды қадамдар болып табылады»,-деді Ә.Исекешев.

Бұл ретте министр Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен бірге РФ, Орталық Азия елдерімен, Кавказ, Иран, Түркия мемлекеттерімен бірге Жібек жолын бәсекеге қабілетті теңіз бағытына айналдыру үшін Қазақстанға әлі түрлі кедергілерді жойып, көп жұмыстар атқару қажеттігін айтты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар