- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында 1 млрд доллардың 8 меморандумына қол қойылды
АЭФ аясында 1 млрд доллардың 8 меморандумына қол қойылды
22 Мамыр, 2015 17:19
Астана экономикалық форумының аясында өткен «Invest in Kazakhstan» инвестициялық форумында әлемнің ірі өнеркәсіп компанияларымен құны 1 миллиард доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды, деді Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында.
«Кешегі күнгі жиынның қорытындысы бойынша, әлемнің ірі өнеркәсіп компанияларымен құны 1 миллиард доллар болатын меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде 5 меморандум қазір жұмыс істеп жатқан инвесторлармен жасалды. Олар өздерінің жобаларын реинвестициялау қажет деп шешті. Олардың арасында француздық Danone, Қазақстандағы француздық іскерлік топтар қауымдастығы, Арматура шығаратын General неміс компаниясы мен тағы осы неміс және италиялық компаниялар бар. Қалған өзара түсіністік туралы меморандумдар жаңа инвесторлармен жасалды»,-деді Қ.Жұмабайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, VIII Астана экономикалық форумына әлемнің 90 мемлекетінің саяси, сарапшылық жен әскер топтарынан 3 мыңға жуық адам қатысуда.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды