• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның экономикалық белсенді халқы саны 8,6 млн адамды құрайды – Статагенттігі

Қазақстанның экономикалық белсенді халқы саны 8,6 млн адамды құрайды – Статагенттігі

14 Қазан, 2013 11:33
2013 жылдың қыркүйек айы қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық белсенді халқы саны 8,6 млн адамды құрайды, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылдың қыркүйек айы қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық белсенді халқы саны 8,6 млн адамды құрайды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 72 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейген», - делінген хабарламада.

Аталмыш уақыттағы жалдамалы жұмысшылардың саны болса 6 млн адамды құрайды. Бұл жалпы жұмысшылардың 69,5%-ын қамтиды.

Сонымен қатар, жұмыссыздар саны да анықталған. 2013 жылдың қыркүйек айында жұмыссыздар саны 468,5 мың болып, елде жұмыссыздардың пайыздық көрсеткіші 5,2%-ды құраған. 

Барлық жаңалықтар