• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Мальцев: ЕАЭО фармацевтикалық нарығы –Одақтың әлеуетті және белсенді нарықтарының бірі

В.Мальцев: ЕАЭО фармацевтикалық нарығы –Одақтың әлеуетті және белсенді нарықтарының бірі

23 Мамыр, 2015 11:06
Еуразиялық экономикалық комиссияның өндірістік саясат департаменті әлемдік фармацевтика нарығындағы тенденцияларға, ЕАЭО елдерінің фармацевтика саласына және аталмыш бағыттағы стратегиялық бағдарламаларына сараптама жүргізді.

Сараптаманың нәтижесінде, Одақтың фармацевтика нарығының дамуындағы үлкен мүмкіндіктер анықталды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

ЕЭК өндірістік саясат департаментінің директоры Владимир Мальцев хабарлағандай, қазіргі таңда ЕАЭО елдерінің фармацевтикалық нарығы импортқа тәуелді, Беларусияда - 75%, Қазақстанда  88%, Ресейде  82%. Бұл бірінші кезекте Үндістан, Қытай мен Шығыс Еуропадан келетін тіркелген дженериктердің (патенттік қорғаныс мерзімі өтіп кеткен фармацевтикалық препарттардың түпнұсқасының арзан көшірмелері) көптігімен байланысты.

Сараптама көрсеткендей, импорттық өнімдердің көптігімен бірге кооперациялау үшін ынтымақтастықтың болашағы зор және импортталатын өнімдердің орнына бірлескен фармацевтикалық өндіріс ашуға болады. «Бүгінгі таңда фармацевтикалық өндірісті кем дегенде 3,5 есе арттыруға мүмкіндік бар, оның әр мемлекеттегі ЖІӨ-дегі үлесі 0,5%-дан аспайды. ЕАЭО фармацевтикалық нарығы  Одақтық болашағы зор, әрі дамып келе жатқан нарықтарының бірі»,  деді Владимир Мальцев.

Саланы сараптау нәтижелері көрсетіп отырғандай, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер көбіне арзан дженериктер өндірісіне иек артса,  бүкіл әлемде қымбат брендттік өнімдерге сұраныс өсуде.

Жоспарланып отырғандай, ЕЭК өндірістік саясат департаменті Тараптармен, сарапшылармен және бизнес-қауымдастықтармен бірлесе отырып ЕАЭО аясында фарматевтика саласын дамытудағы проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын қарастыратын болады. Оның нәтижесі бойынша сәйкесінше ұсыныстар жасақталып, ЕЭК кеңесіне жіберіледі.

Барлық жаңалықтар