- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік жылдары ҚР-да 40 мың километр автожол салынды – Б.Сапарбаев
Тәуелсіздік жылдары ҚР-да 40 мың километр автожол салынды – Б.Сапарбаев
22 Мамыр, 2015 16:11
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 40 мың километр автожол мен 2 мың 700 километр темір жол салынды, деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев VIII Астана экономикалық форумының барысында.
«Ал транзит әлеуетіне келетін болсақ, Қазақстан Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан және біз аталған мүмкіндікті барынша пайдалануға тырысамыз. Елбасымыздың бастамасымен Азия мен Еуропа арасында алғаш рет ұзындығы 2700 километр болатын темір жол салынуда. 23 жыл ішінде Қазақстанда 40 мың километр автомобиль жолы мен 2700 километр темір жол салынды. Мұндай көлік құрылыстары Кеңес Одағы кезінде де болмаған. Барлық әлеуетті пайдалану біздің мемлекетімізге экономика өсімі мен жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, VIII Астана экономикалық форумына әлемнің 90 мемлекетінің саяси, сарапшылық және іскер топтарынан 3 мыңға жуық адам қатысуда.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр