• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

22 Мамыр, 2015 16:43
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен «Джонсон&Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының ТМД елдері бойынша директоры Алексей Кузнецов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Меморандумның басты мақсаты Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған тараптардың өзара ынтымақтастығы боп табылады.  

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық келесі бағыттарды қарастырады: 

-әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
-әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы диагностикасы мен терапиясын Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибеге енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;

-әлеуметтік маңызды аурулар бойынша науқастарды емдеудің деңгейін арттыру бойынша бағдарламалар енгізу;

-әлеуметтік маңызды аурулар бойынша науқастар тізілімін құруға көмектесу және тәжірибелерді зерттеу;   

-фармакологиялық бақылау саласында тиімді ынтымақтастықты дамытуға көмектесу;

-жоғарыда аталған бағыттар бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидалары мен тетіктерін қарастыру және әрі қарай енгізу.

Еске сала кетейік, «Джонсон&Джонсон» фармацевтикалық компаниясы – әлемге әйгілі ірі корпорация. Компания өндіретін дәрілік заттар мен медициналық қондырғылар Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пайдаланылады. 


 

Барлық жаңалықтар