• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның химия-металлургия зауытына неміс компаниясы 300 млн еуро инвестициялауға дайын

ШҚО-ның химия-металлургия зауытына неміс компаниясы 300 млн еуро инвестициялауға дайын

23 Мамыр, 2015 11:34
ШҚО әкімі Даниал Ахметов «ICMP Dinatron» компаниясының басшылығымен кездесті, олар Шемонаиха ауданы Первомайский ауылындағы «Ертіс химия-металлургия зауытын» қайта қалпына келтіруге, дамытуға және іске қосуға қызығушылық танытып отыр.

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, келіссөз барысында «ICMP Dinatron» басшылығы  «Ертіс химия-металлургия зауытын» қайта қалпына келтіруге, дамытуға және іске қосуға қызығушылық танытты. Аталмыш жұмыстар жүргізілгеннен кейін зауытта жаңа жұмыс орындары да ашылатын болады.

«Біз сіздерге Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қолдау көрсететін боламыз.  Ал, бұл ұсыныстың бүге-шүгесін «Қазақстан инвестициялық қору» АҚ-мен талқылайтын боламыз. Әзірге, әрекеттер жоспарын жасақтауларыңызды сұраймын, біз өз тарапымыздан қажетті барлық шараларды қабылдайтын боламыз», - деді келіссөз барысында аймақ басшысы Д.Ахметов.

«Біз зауытты көріп шықтық. Біздің ниетіміз айқын. Жобаның алғашқы кезеңінде 52 млн еуроны,  орташамерзімде 300 млн еуродан астам қаржыны құюға әзірміз. Жұмысқа 250 адамды алатын боламыз», - деді неміс компаниясының басқарма  төрағасы Эрих Швагер.

Айта кетерлік жайт, өндірістің негізгі өнімі  құймадағы ниобий. Ол Қытай, Ресей мен Еуропа елдерінеде үлкен сұранысқа ие.

Барлық жаңалықтар