• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» конференциясы өтуде

Астанада «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» конференциясы өтуде

22 Мамыр, 2015 15:54
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Халықтың Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи жолын зерттеу ғылым үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам үшін де үлкен мағынасы бар. Қазақ хандығының тарихын жаңаша оқып түсіну өскелең ұрпақтың жаңа қоғамдағы тарихи танымын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Конференция жұмысының мақсаты Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мәселелері, Қазақ хандығы Орталық Азиядағы  алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет ретіндегі генезис мәселелері; Қазақ хандығының дерекнамасы мен тарихнамасы, Хандық биліктің дәстүрлі басқару институттарының эволюциясы, Қазақ хандығы тарихындағы мемлекеттік нышандар; Қазақ хандығының сыртқы саясаты соның ішінде  Қазақ хандығының Шығыс және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастары; Қазақ хандығы тарихының өзекті мәселелерін зерттеу бойынша жаңа көзқарастар мен тұжырымдар.

Конференция барысында 2-секция жұмысы ұйымдастырылады.

Конференция барысында «Қазақ хандығына арналған» кітап көрмесі,  графика-сүрет шебері Рахымжан Қасымжанның «Еуразия көшпелілері» графикалық көрмесі және «Ноғай Елі» қоғамдық бірлестігіне салтанатты түрде сыйлықтар беріледі, концерттік бағдарлама.

Барлық жаңалықтар