• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Қарулы Күштерінің 2 мыңнан астам әскери қызметшісіне шипажайлық ем көрсетілді

ҚР Қарулы Күштерінің 2 мыңнан астам әскери қызметшісіне шипажайлық ем көрсетілді

22 Мамыр, 2015 17:02
Қазақстанның әскери қызметшілеріне кепілдендірілген медициналық қызмет көрсетумен қатар шипажайларда ақысыз емделу қарастырылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Жарақаттан немесе операциядан кейін қалпына келтіру, сауықтыру-оңалтуды қажет ететін әскери қызметшілер жыл сайын қазақстандық шипажайларға жіберіледі. Олардың ішінде Қостанайдағы «Қарағайлы орман» және Щучинск қаласындағы «Зеренді» шипажайлары да бар», - делінген хабарламада.

Қазақстандық әскери қызметшілерге бірнеше жыл шипажайлық ем көрсетіп келе жатқан ірі сауықтыру және оңалту орталықтарының бірі «Алтын емел» болып саналады. Ол Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан.

Аталған шипажайда 2012 жылы 450 әскери қызметші және олардың отбасы мүшелері емделді, ал 2013 жылы – 900 әскери қызметші, өткен жылы заманауи ғылыми зерттемелерді қолдана отырып классикалық медицина сауықтыру әдісімен 650-ден аса адам емделді.

Қазіргі уақытта жазғы кезеңде шипажайларға жіберу үшін жоспарланған әскери қызметшілердің тізімі жасалуда. Медициналық қорытындыларына қарай Қарулы Күштердің қаражатынан шипажайларда емделуге мерзімді қызметтегі сарбаздар, әскери оқу орнының курсанттары, әскери қызметте 20 жылдық өтілі бар әскери қызметшілер жіберіледі. Сонымен бірге медициналық қызметтің берген ұсынысы бар сарбаздардың шипажайда ем алу мүмкіндігі қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар