АЭФ аясында Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық талқыланды

22 Мамыр, 2015 13:05
VIII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ЭЫДҰ Ынтымақтастықты дамыту комитетінің төрағасы Эрик Солхеймен кездесті , деп хабарлады ҚР СІМ.

Сыртқы істер ведомствосының басшысы қазіргі таңда ортамерзімді стратегияның қабылдануы мен әзірленуі талқыланып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, алдын ала «KazAID» деп аталатын ұлттық агенттік құру мен ҚР қызметін институциналандыру мәселесі талқыланады.

«Қазақстан жоғары кәсіпті отандық кадрлық әлеуетті дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Халықыралық және ұлттық донорлармен ынтымақтастың кеңеюі мен бірінші пилоттық  жобаларды  жүзеге асыруға әрекет жасауда», - деді Е.Ыдырысов.

ҚР СІМ басшысы Қазақстан донор-елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді.

Кездесу қорытындысында Министр Астанада 2015 жылдың сәуірінде өткен қазақстандық мемлекеттік органдарға арналған тренингтердің ұйымдастырлу дәрежесін жоғары бағалады. 

Барлық жаңалықтар