• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті: Қазақстан ҚХР мен ЕО арасындағы құрлықтық бағыттарды дамытудың болашағы зор

ҚР Президенті: Қазақстан ҚХР мен ЕО арасындағы құрлықтық бағыттарды дамытудың болашағы зор

22 Мамыр, 2015 12:01
Қазақстан Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы құрлықтық бағыттарды дамытудың болашағы зор деп есептейді, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан пленарлық мәжіліс барысында.

«Қазіргі таңдағы бар теңіз сауда бағыттары халықаралық сауданың күн санап өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Бүгінгі күннің өзінде Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 600 миллиард долларды құрап отыр, ал болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 800 миллиард долларға жетеді. Сондықтан да өркендеп келе жатқан Азия үшін құрлықтық бағыттарды дамыту маңызды. Бұл бағыт теңіз бағытынан 3 есеге қысқа болады»,-деді Ұлт Көшбасшысы.

Елбасының айтып өткеніндей, ҚХР басшысының алғаш рет Астанада көтерген «Жібек жолының экономикалық белбеуі» бастамасы ерекше маңызға ие және Қазақстан алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолдады.

Бұл ретте Мемлекет басшысының айтуынша, инфрақұрылымға деген инвестициялар даму мүмкіндігіне қармастан көптеген мемлекеттердің күн тәртібінде тұр. «Бүгінде осы уақытта құрылып үлгерген Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне үлкен үміт артылып отыр. Бұл банктің жұмысына 50-ден астам елдердің өкілдері қатысуға ниет білдіруде»,-деді Ұлт Көшбасшысы.    

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар