- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД елдері арасында тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды
Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД елдері арасында тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды
«Біз БҰҰ мыңжылдық дамуының бірқатар мақсаттарын орындадық, Қазақстан 20 есеге кедейшілік деңгейін қысқартты, яғни 60 пайыздан 2,9 пайызға төмендетті. Біз осы уақыт аралығында жүздеген мектептер мен ауруханалар салдық. Біздің ел Біздің ел ТМД елдері арасында тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды, тартылған инвестиция 200 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Елбасы.
Елбасының айтуынша, Қазақстан әлемдік сынақтарға жан-жақты жауап беруге тырысуда, ол аймақтағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға күресуде. «Біз әлемде тұңғыш рет ядролық сынақтан бас тарттық, ең қауіпті сынақ полигондарын жаптық. Біз кезең-кезеңімен әріптес елдермен ынтымақтастықты жалғастырудамыз, ЕЫҚҰ белсенді мүшесіміз, Азияда сенімге ие бастамашылардың біріміз. Көпұлттық мемлекет бола тұра ұлтты және конфессияаралық келісімнің толеранттылығын жалғастырудамыз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент Астанада әлем діндері басшыларының съезі ұдайы өткізілетінін, кезекті съезд келесі айдың басында өтетінін атап өтті. «Қазақстан ТМД елдері ішінде алғаш болып нарықтық экономикасы бар мемлекетке айналды. Мемлекеттің ЖІӨ нөлден 24 есе өсіп, жан басына шаққанда 13 мың долларға жетті», - деп толықтырды Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, елордада VIII Астана экономикалық форумы өтуде. Биылғы жылы форумның тақырыбы: «Инфрақұрылым экономиканың орнықты өсімінің драйвері» деп аталады. 21-22 мамыр аралығында екі күн бойына 30 іс-шара өткізу жоспарланған. Қаланы 2030 жылға дейінгі дамытудың 3D-симуляторының таныстырылымы болады. Форумда әлемдік экономиканың болашағы, мұнай бағасының құлдырауы жағдайында қолға алынуы тиіс шаралар мен тұрақты өсім мәселелері сөз болады. Сондай-ақ жиындағы маңызды шаралардың бірі елімізге жаңа ауқымды инвестициялар тартуға бағытталған инвестициялық форум болмақ.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады