• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Кулагин: Дәнді-дақылдардың егіс жұмыстарын уақытында аяқтау керек (ФОТО)

С.Кулагин: Дәнді-дақылдардың егіс жұмыстарын уақытында аяқтау керек (ФОТО)

22 Мамыр, 2015 14:32
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында егіс науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Егіс алқабында ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті. Онда әкім барлық күштерді бір мақсатқа жұмылдырып, күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп, дәнді дақылдардың егіс жұмыстарын уақытында аяқтау қажеттігін айтты.

Аймақ башысы қуаты тәулігіне 10 мың текше метрді құрайтын, 3 кәріздік насос стансалары бар тазалау құрылғылары салынып жатқан Бурабай ауылында болды. Аталған жоба Жасыл орман және Бурабай ауылдарындағы тұрмыстық ағын сулардан тазартуға көмектеседі.   

«С.Кулагин сонымен қатар, Бурабай ауылындағы қуаты сағатына 20 Гкал-ды құрайтын қазандықтың құрылысымен танысты. Аталмыш жоба тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды жылумен қамтамасыз етіп, 1 мың 210 жұмыс орнынының ашылуына ықпал етеді. Нысанның жалпы құны 2 миллиард, 617,1 миллион теңге. Жобаны іске қосу биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Мұнда 38 адам жұмыс істейтін болады»,-делінген хабарламада.

Облыс әкімі Шортанды қаласындағы шаңғы спорты республикалық базасының құрылысымен де танысты. Шаңғы базасы әлемдік стандарттарға сәйкес болады. Нысан 2016 жылы қолданысқа беріледі.  

 

Барлық жаңалықтар