• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды

Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды

22 Мамыр, 2015 11:38
Қазақстанда «Дәрігерлер мен мейіргерлердің ұраны - сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және деннің саулығы» ұранымен Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Медициналық қызметкерлер шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетикалық эстафета 4*100 м., жеңіл атлетика, үстел теннисі, армреслинг, сондай-ақ, арқан тарту, асық, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарда күш сынасады», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, дәстүрлі спартакиада өткізу медициналық қызметкерлер арасында дене белсенділігін және спортты насихаттауға, медициналық қоғамдастықты дене шынықтырумен айналысуға жұмылдыруға, денсаулыққа ортақ жауапкершілік қалыптастыруға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.    

Спартакиада қорытындысы республика өңірлерінде 20 маусымда – медицина қызметкерлерінің күніне орай шығарылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар