- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015 жылы 100 шақырым автожолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Қазақстанда 2015 жылы 100 шақырым автожолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Сонымен қатар, 100 шақырым автожолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1000 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан бөлек Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары кіреберістерінің 8 пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Олардың 5 ағымдағы жылы пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 көпірді жөндеу жүзеге асырылмақ, оның біреуін осы жылы ашу жоспарланған.
«Орташа жөндеу жұмыстары ұзындығы 1000 шақырым болатын 61 бөлікте жүргізіледі. Оның 228 шақырымы ресайклинг технологиясын пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн. Ол ескі асфальтты екінші рет пайдаланудың арнайы технологиясы. Бұл технологияны пайдалану барысында асфальт өңделеді, содан кейін оған тас қиыршықтары мен цемент қосылады», - делінген хабарламада.
Асфальтты ресайклинг технологиясымен өңдеу қоршаған ортаға ұқыпты қарау, үнемшілдік сияқты көптеген ерекшеліктері бар, сондай-ақ, ол жол төсемінің беріктігін қамтамасыз етеді.
Тағы 95 шақырым жол минералдық-эмульсиялық қоспадан құйылған қорғаныс қабаты құрылғысымен жөнделетін болады. Ол қоспа минералды толтырғыштардан, эмульгия битумы және су эмульсисынан құралып, оның бұзылу мерзімін реттейді. Кейін оны әбден дайындалған жол төсемінің үстіне үйлестіреді.
Оны пайдалану жөндеу жұмыстарының мерзімін арттырып және жолды күтуге арналған шығынды айтарлықтай азайтады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күту аясында жол төсемдерінің ақауларын жою және қыс мезгілінен кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Атап айтқанда, жолдың көлік жүретін бөлігінде пайда болған шұңқырларды жою, жол жиегіндегі су шайып кеткен жыраларды қалпына келтіру, жол бойына белгілер орнату немесе ауыстыру, көпірлердегі ескерту жолақтары, дабыл бағандары мен шақырым көрсеткіштерін қалпына келтіру жұмыстары.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады