Ақмола облысының Мақпал ауылында 337,9 млн теңгеге жаңа мектеп салынады

22 Мамыр, 2015 10:13
Еңбекшілдер ауданына қарасты Мақпал ауылында салынатын жаңа мектептің құрылысына облыс бюджетінен 337,9 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы» Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Киіковке сілтеме жасай отырып.

Оның сөзінше, ауданның құрамында 10 ауылдық округ, 4 ауыл, Степняк қаласы мен 37 елді мекен бар. Ондағы азаматтар саны 15 мың 861.

«Ауданда мемлекеттік және салалық бағдарламалар сәтті енгізілуде және олар экономикалық тұрақтылықты және Еңбекшілдер ауданының әлеуметтік әл-ауқатының жоғары болуын қамтамасыз етуде. Тұрғындарды жұмыспен қамту, орта және шағын бизнесті дамыту, жаңа өндірістерді жолға қою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де сатылап шешілуде»,-деді әкім.

Еңбекшілдер ауданында 33 білім беру мектебі бар, онда 2 мың 521 адам білім алуда.   

Мемлекеттік даму бағдарламасының аясында республикалық бюджет есебінен 364 204 мың теңге бөлінді. Нақтырақ айтқанда, қаржы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мемлекеттік білім беру тапсырыстарын жүзеге асыруға бағытталған. Аталған бағдарлама бойынша «Күншуақ» бүлдіршіндер балабақшасы мен 13 шағын орталық жұмыс істейді.

«2015 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларға 363 миллион теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінген. Оның ішінде 337,9 миллион теңге облыс бюджетінен Мақпал ауылындағы жаңа мектеп құрылысына берілді»,-деді нақтылады А.Киіков.  

 

 

Барлық жаңалықтар